«PROSPORT» орталығы туралы

Қазақстанда ең соңғы үлгімен техникалық жабдықталуы және қызмет көрсетудің кең ауқымдылығы жағынан «PROSPORT» спорттық медицинаның, оңалтудың және даярлаудың заманауи орталығына теңдес орталық жоқ. Біз Қазақстанның олимпиадалық командасының мүшелері үшін де, денсаулық пен белсенді өмір салтын ұстануға ұмтылатын қарапайым адамдар үшін де әлемдік деңгейдегі диагностика, оңалту және емдеу бойынша сапалы қызметтерді ұсынамыз.

Біздің команда әрбір клиентке жекелей және жан-жақты қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін жоғары білікті мамандардан тұрады.

Құрамында оннан асатын тәжірибелі докторы бар команданың көмегімен біз Сізге денсаулығыңыздың, белсенділігіңіздің және жұмыс өнімділігіңіздің қалыпты жайына оралуына көмек беретін профилактикалық кеңестерді, денсаулығыздың жайын бағалауды, диагностикалауды, емдеуді және оңалтуды ұсынамыз.

Біздің негізгі артықшылығымыз – спорттық медицина саласындағы көшбасшылықты сақтау. Дәрігерлеріміздің әлемдік үздік практиктерден біліктіліктерін үнемі арттыру, әрі Сіздің денсаулығыңызға қамқорлық жасау және қызмет көрсетудің шоғырын кеңейту- біздің басты міндетіміз болып табылады.   

Біз қала тірлігінен алыс тыныштықты және тыныш күйді жаны қалайтын ұлттық құрама командасы да, қала тұрғындары да бағалайтын таулы аймақтағы олимпиадалық дайындық базасында орналасқанбыз.