OptoJump Next

OptoJump Next

OptoJump Next - бірнеше секірулер кезінде секірудің барлық кезеңдерін (ұшу, итерілу, ұшу және қону) кешенді өлшеуге арналған оптикалық жүйе;

            «OptoJump Next» секірудің кинематикалық параметрлерін жедел және жоғары дәлдікпен бақылауды жүзеге асыруға, техниканы көзбен шолып бақылау кезінде қол жетпейтін спортшының техникалық қателіктерін жедел анықтауға және секіру техникасын жеке түзетуді жүргізуге мүмкіндік береді.

OptoJumpNext көмегімен төмендегілерді  бағалауды жүргізуге болады:

  1. Жылдамдық- күш және қуат сипаттамасын
  2. Координациялық  қабілеттерді
  3. Акустикалық және визуалды стимуляторға жауап беру уақытын
  4. Әр түрлі биомеханикалық есептерді шешуге

Жүйенің жұмыс істеу ұстанымы үстіңгі беттермен жанасу уақытын белгілеу болып табылады. Осы мәліметтерді қолдана отырып, арнайы бағдарламалық қамтамасыздандыру секіру кезіндегі қажетті көрсеткіштерді есептейді, мысалы :

1.      Үстімен жанасу уақыты (s) 

  1. Тірексіз күйде болған уақыт (s) 
  2. Секірудің биіктігі сантиметрмен
  3. Қуаттың салмаққа қатынасы
  4. Ырғақ (p/sec) 
  5. Алдыңғы секіруге қатысты үстімен жылжу
  6. Тіректің пайдаланылатын ауданы.

Сондай-ақ, OptoJump Next жүйесі жүктемені орындау кезінде энергия шығындарын көрсетеді:

  1. Specific energy [J/kg] Жұмсалған энергияның салмаққа қатынасы
  2. Specific power [W/kg] Қуаттың салмаққа қатынасы
  3. Total energy [J] Жұмсалған энергия
  4. Total power [W] Жұмсалған қуат

Өлшеу дәлдігі бір мың секундқа дейін жүргізіледі.

Реакция уақытын бағалау үшін жүйе келесі параметрлермен хаттама жасайды:

  1. Сигнал күту уақыты (акустикалық және/немесе визуалды) 
  2. Реакция уақыты.