Жоғары қарқынды электромагниттік өрісі бар аппарат

Жоғары қарқынды электромагниттік өрісі бар аппарат

Жоғары қарқынды магнитотерапия әдісі (BTL Super Inductive System) интенсивті электромагниттік өрістің адам ағзасына әсер етуіне негізделген.

Аппликаторда орналасқан катушка электромагниттік өрісті тудырады, нәтижесінде жүйке бұлшық еттері деполяризацияға ұшырайды және бұлшықет жиырылуы жүреді.

Super Inductive System көмегімен жүйке- бұлшықет тінінің әртүрлі бұзылыстары мен тірек-қимыл аппараты ауруларын тиімді емдеуге болады.

Super Inductive System қолданған кезде ауырсынуды басудың әсері жиілік диапазонында өзгеретін үш түрлі нейрофизиологиялық теориямен байланысты.

Super Inductive System жиілігінің кең спектрінің арқасында кез келген кезеңдердегі ауырсыну күйлерін жоя алады.