Чемпиондарға қолайлы
Сізге де қолайлы!

«PROSPORT» спорттық медицина, оңалту және жаттығудың заманауи орталығы

Біз кімбіз

Қазақстанда ең соңғы үлгімен техникалық жабдықталуы және қызмет көрсетудің кең ауқымдылығы жағынан «PROSPORT» спорттық медицинаның, оңалтудың және даярлаудың заманауи орталығына теңдес орталық жоқ. Біз Қазақстанның олимпиадалық командасының мүшелері үшін де, денсаулық пен белсенді өмір салтын ұстануға ұмтылатын қарапайым адамдар үшін де әлемдік деңгейдегі диагностика, оңалту және емдеу бойынша сапалы қызметтерді ұсынамыз.

Толығырақ

Неліктен бізді таңдайды


Біз спорттағы дайындықтың тиімділігін арттырып, денсаулығыңызды жақсарту үшін кешенді командалық шешім арқылы мультидисциплинарлық тәсілді ұсынамыз. Біздің командада спорт дәрігерлері, кардиологтар, ультрадыбыстық және сәулелі диагностика дәрігерлері, физиотерапевтер, диетологтар, психологтар, массажистер, реабилитологтар, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары және стоматологтар бар.
- Әрбір клиентке жекелей және жан- жақты қызмет көрсету арқылы спорттық дайындықтың тиімділігін және денсаулығыңызды жақсарту үшін кешенді шешім
- Оннан аса тәжірибелі докторы бар команданың көмегімен профилактикалық кеңестер, денсаулық жайын бағалау, диагностикалау, емдеу және оңалту
- Ең соңғы үлгідегі технологияларды қолдану арқылы Сіздің жеке дайындық жоспарыңызға командалық тәсіл
- Орналасқан жерінің ыңғайлығы- Ұлттық олимпиада командаларының оқу – жаттығу жиындары өткізілетін тау аймағындағы Олимпиадалық дайындық база және біздің клиенттерімізге шаттл ұйымдастыру мүмкіндігі бар «Ақбұлақ» ССК – ның жақындығы

Кешенді функционалдық тестілеу

Кешенді функционалдық тестілеу - тиімді жаттығу процесін құру және қол жеткізілген нәтижеге талдау жүргізу үшін қажетті, ағзаның жеке физикалық мүмкіндіктерін тексеру және бағалау

Толығырақ

Пікірлер

Демеушілер

Серіктестер